"Gaukhartas - Qazaghym-ay" - Views: 18 · Hits: 18 - Type: Public

Ұрандап айтып бабасын
Анасындай көріп Алашын
Жауына жаға жыртқызбай
Батырлықтың білген бағасын
Алдаспан қылыш асынып
Азат еткен байтақ даласын
 
Сарқыты болып сақтардың
Түлегімді тізіп баққанмын
Жәнібек Керей қолымен
Қазығымды алғаш қаққанмын
Бес ғасыр салып араға
Арайланып атқан ақ таңмын-ай
 
Түркінің тамшы жаңбырымын
Сақ пенен Ғұнның тағдырымын тараған
Алуан заман кешкен елмін
Күш-қуат алып өскен елмін даладан
Ар-намыс асқақ айбыным деп
Бірлігім бақыт байлығым деп санаған
Кешегі Қазақ хандығымның
Бүгінгі ғажап бір жырымын жаңарған
 
Қасым хан болған тарланым
Есім ханым асқақ заңғарым
Шамшырақ болып ертеңге
Тәуке ханым жазған заңдарым
Абылай қосып басымды
Орындалған еді арманым
 
Арындап алға ұмтылған
Жүрегінде талай сыр тұнған
Қылығы таза қыз туған
Арғымаққа мінер ұл туған
Бүгінде әлем таныған
Біз тәуелсіз елміз құлпырған-ай
 
Шабандоз палуан батыр елмін
Күйші мен жыршы ақын елмін бұрыннан
Бабалар айтқан өсиетін
Бойына қонған қасиетін ұғынған
Таласқан көкпен байрағы бар
Құламас берік айбары бар тұғырдан
Ынтымақ тілек Тәңірімен
Хандық пен хақтың әмірімен құрылған
 
Халқымыздың пейілі кең даласындай
Туған жерін аялаған - Анасындай
Қазағым-ай Қазағым-ай
Салтын сақтар көздерінің қарасындай
Қазақ деген ел әлемде бар осындай
Қазағым-ай Қазағым-ай
 
Шабандоз палуан батыр елмін
Күйші мен жыршы ақын елмін бұрыннан
Бабалар айтқан өсиетін Бойына қонған қасиетін ұғынған
Таласқан көкпен байрағы бар
Құламас берік айбары бар тұғырдан
Ынтымақ тілек Тәңірімен
Хандық пен хақтың әмірімен құрылған